«Қарғыс айтпа»: Сәкен Майғазиев өзіне қатысты тараған жалған ақпаратқа жауап берді

Жаңалықтар
view 105
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші әлеуметтік желіде тараған «Сәкен Майғазиев Джей Ло концертіне онлайн билет сатты» деген қауесетке әнші ашық пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Жақында әлеуметтік желілерде және бірқатар пабликтерде Сәкен Майғазиев Астанада өткен Дженнифер Лопестің (Джей Ло) концертіне онлайн билет сатты деген хабар тарады

Әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, жеке парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, өзі бұл шараға мүлде қатысы жоқ, тіпті сол уақытта басқа қалада жүрген.

Сәкен Майғазиев өзіне бағытталған ауыр сөздер мен қарғыстарға таңғалғанын айтты.

«Адамға қарғыс айту үшін қандай деңгей керек екеніне әлі күнге дейін таңмын. Мейлі, біреу онлайн сатса да, неге оған жамандық тілеу керек? Сен көргің келмесе көрме. Оның үстіне бұл – жалған ақпарат. Мен қайда, Джей Ло қайда?», – деді ол.

Әнші бұл жазбалардың өзіне ешқандай әсер етпейтінін, керісінше мұндай ғайбат сөздердің сауап болып қайтатынына сенетінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *