«Қауіпсіздік мәселесі бар»: Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағымы неге жабық режимде қаралып жатыр

Жаңалықтар
view 61
news

Фото: Orda.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қаңтар оқиғасынан кейін 20 жылға сотталған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағымы не себепті жабық режимде қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты істер жабық қаралады.

«Дикий Арман» ретінде белгілі Арман Жұмагелдиев ісінде мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі бар. Бізге солай айтылды. Қылмыстық-процестік кодексте мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайларда істі жабық өткізу қарастырылған. Ал апелляциялық шағымын жабық режимде қарауға негіз бар не жоқ екенін айту үшін іспен танысу керек. Іспен танысқан жоқпын. Ал бұған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысы барын ескерсек, істі жабық өткізген дұрыс, – дейді Абзал Құспан.

Еске салсақ, бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы басталғанын жазған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *