Қазақ баласы Францияда қазақша атаумен люкс парфюм шығарды
Сурет: Ашық дереккөзден
Иіссу нарығының отаны – Франция, ал қамтитын аумағы – жаһан жүзі. Жақсы иіссу шығаруға ұмтылмаған бұл нарықтың өкілдері аз шығар, ал Қытайда туған қазақ баласы жұрт мойындап, ел тәнті болған иіссу шығарып, оған қазақша атау берді, депхабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік нарықта абыройлы еңбек атқарып жүрген азамат – Нұржан Төлеген. Ол ҚХР Іле қазақ автономиялық округінде дүниеге келген. Кейін Францияда, АҚШ-та білім алған. Бірнеше жыл бұрын атажұртына келіп, сағынышын басып, артынша шабыт сыйлаған сапар нәтижесі ретінде Tolegen брендін құрған. Tolegen брендінің люкс сапада шыққан жаңа тауарының бірі – Kiz Jibek иіссуі.
Жоғары, төменгі және нәзік ноталарды сәтті ұштастырған иіссу тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да Нұржан Төлегенмен кездесіп, азаматтың еңбегі ел мәдениетінің абыройын шетел нарықтарында нығайтуға үлес қосатынын атап өткен.
Иіссу отанында қазақша атаумен нарыққа шыққан азаматтың еңбегіне табыс тілейміз!
Пікірлер (0)