Қазақ тілінде жолдаған хатты мемлекеттік мекеменің қызметкерлері түсінбеген
Жаңалықтар
958
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақ тілінде жолдаған хатты мемлекеттік мекеме қызметкерлері түсінбегеннің салдарынан мекеменің бес құрылымдық бөлімшесінің қарауына түскен. Бұл туралы мемлекеттік қызметкер Айша Жауынбай желідегі парақшасына бөлісті деп хабарлайды janabastau.kz.
Мекеме қызметкерлері мемлекеттік тілде жазылған хатты түсінбегенін айтқан.
Айша Жауынбайдың жазған пікірін қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз:
"Бірнеше күн бұрын бір Орталық органға мемлекеттік тілде сұрау хат жолдадым.
Содан бастап бір органнан 5 жауапты орындаушы "хатыңызда қандай ақпарат сұрап жатырсыз, орыс тілінде нұсқасы жоқ екен, түсінбей жатырмыз" деп хабарласты. Біріншісіне қандай мәлімет керек екенін ресми тілде түсіндіріп берсең, "ааа это не наш вопрос, сейчас отпишемся" деп тұтқаны қояды. Содан екіншіге, ол үшіншісіне, солай бір хатым 5 құрылымдық бөлімшесінің қарауына түсті.
5-ші адам "осындай Орталық органнанмын" деп хабарласқанда, шадамым таусылып «мемлекеттік тілді білмесеңдер, Орталық мемлекеттік органда қалай жұмыс жасап жатырсыңдар" деп жауап бердім (мемлекеттік қызмет этикасын зорға сақтап).
Ақырында хатыма бір құрылымдық мекемесінің мәліметін жолдаймыз деген жауап алдым.
Енді Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелді. Өте қуанарлық жаңалық болды мен үшін.
Алайда, өзімізде мемлекеттік тілді білмейтіндерге не істейміз?", деді Айша Жауынбай.
Пікірлер (6)
Биыл тіл туралы заңның алғаш қабылданғанына 35 толды. Ондай мәңгүрттер орындарын босатсын.
Ел президенті путин алдында міндет алмаппа еді,орыс тілді болам деп сол үшін үкімет адамдары орысша сөйлей береді ғой.Кілті путин қолында.Ал енді ана хат туралы пікірлессек үкімет адамдары хатты гүүгілдетіп аударып көрмегендеріне қарағанда мүмкін сауаттары жетпейді,не алде Тоқаң мен Путекең ұрсатын болып қыр көрсетіп отыр ма екен тіпті өзі қазақша хатты оқудың өзі олар үшін тым ұяатты іс болуы да мүмкін.Көпшілік осы 3 бағыттың бірін анықтап дәл қорытындысын жасаған жөн.
Ел президенті путин алдында міндет алмаппа еді,орыс тілді болам деп сол үшін үкімет адамдары орысша сқйлей берелі ғой.Кілті путин қолында.Ал енді ана хат туралы пікірлессек үкімет адамдары хатты гүүгілдетіп аударып көрмегендеріне қарағанда мүмкін сауаттары жетпейді,не алде Тоқаң мен Путекең ұрсатын болып қыр көрсетіп отыр ма екен тіпті өзі қазақша хатты оқудың өщі олар үшін тым ұяатты іс болуы да мүмкін.Көпшілік осы 3 бағыттың бірін анықтап дәл қорытындысын жасаған жөн.
Үкімет адамы орыша сөйлеуге тиіс те,сырттан кіріп келген кірме қазақ қазақ тілінен сынақтан өтуге тиіс деген ұғым алып отырмыз.Аңызы солай,бүгінгі күнгі нақты жағдайы осылай деп пайымдап, отырмыз.
Мемлекеттік тілді білмейтің малғұндар, мәңгүрттер қызметтен кетсің. Тілің сыйламаған адамнан не үміт, не қайыр.
Алайда, өзімізде мемлекеттік тілді білмейтіндерге не істейміз?", деп Айша Жауынбай, көпшілікке сұрау салыпты. Оның не қиындығы бар? Мемлекеттік тілді білмейтіндер жұмыстарынан қуылулары керек! 30 жыл бойы сол мемлекетте өздері күнін көріп, тамағын асырап отырғандар мем. тілді білмегендерге тек ғана сондай амал қалды. Басқа қалайша болуы мүмкін?