Рөлде отырып көз жұмған: Алматыда ірі жол апаты болды

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: pixabay

Алматыда жүргізуші рөлде көз жұмып, салдарынан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

51 жастағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған.

Оқиға Әл-Фараби даңғылында сағат 11:30 шамасында болған.

"Салдарынан бес көлік – Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen көліктері мен және Yutong автобусы жол апатына түсті. Алдын ала мәлімет бойынша ер адамның жағдайы күрт нашарлаған. Алдын ала диагноз – жүрек жеткіліксіздігі. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *