«Полиция бөліміне жеткізілді»: тағы бір әйел өз баласына қатыгездік танытқан (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 101
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Тағы бір әйелдің өз баласына қатыгездік жасаған видеолары тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo-ға сілтеме жасап.

Бейнежазбада сәбидің бетінен шапалақпен ұрып жылатып: «Көр, міне, балаңды аяйды деп ойлама!» дейді ол.

Тағы бір видеода үлкендеу ұлына кішкентайын әдейі ұрғызған. Әйел екі жағдайды да өзі телефонның камерасына түсірген. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ол бұрынғы күйеуіне жаялыққа ақша бермегені үшін ерегісіп, баласын соққыға жыққан.

Тараз қаласының полициясы ҚР ҚК-нің 140-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Баланы жедел түрде медициналық қызметкерлер тексеріп, медициналық сараптама тағайындалды. Әйел оқиғаның мән-жайын толық, обьективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді, деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу облысында баласын жылу батареясына байлап қойып ұрған әйел ұсталған еді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *