Ернар Айдар бірден үш бап бойынша жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 92
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Жамбыл облыстық ПД қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі sn.kz-ке сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны бейнетаспаға түсірген. Полиция қызметкерлері көлік құралының иесін анықтады. Ол әнші Ернар Айдар еді.

Азамат А. әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру, қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін құқық бұзушыға айыппұл салынды, – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ ПД өкілдері жолдардағы қауіпсіздік әр жолаушының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салды.

Жол – әзілдер мен жарнамалық түсірілімдерге арналған орын емес, – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *