Ерлан Қошанов: «Басты міндетіміз – халықтың үнін дер кезінде естіп, талап-тілегін тыңдай білу»
Фото: Ресми дереккөзден
Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов халықпен ашық диалог орнатып, азаматтардың өзекті мәселелерін уақытылы шешудің маңыздылығын атап өтті, деп JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Халық Кеңесінің негізгі міндеті – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, оларды шешудің нақты жолдарын ұсыну.
Бұл ретте өңірлермен жүйелі жұмыс жүргізуге, тұрғындармен тікелей кездесуге және қоғамның сұраныстарын жан-жақты зерделеуге басымдық беріледі. Қажет болған жағдайда сарапшылар тартылып, мемлекеттік органдардың ұстанымдары қаралып, заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бастамалар көтеріледі.
Халықтың үніне құлақ асу, ашықтық пен тұрақты кері байланыс – тиімді мемлекеттік басқарудың маңызды қағидаттары. Халық Кеңесінің жұмысы азаматтардың мәселелерін тыңдаумен шектелмей, нақты шешімдер мен нәтижелерге бағытталуы тиіс.
Пікірлер (0)