«Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды» деген азамат айыппұл арқалады

Жаңалықтар
view 93
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат тараған.

Аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және фактілердің бұрмалануы саналады. Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының талаптарына толықтай сәйкес келеді.

Аталған ақпаратты тарату фактілері құқықтық тұрғыдан бағаланды. Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы қаласының полиция департаменті азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін тек ресми және тексерілген ақпарат көздерін пайдалануға шақырады, сондай-ақ жалған ақпаратты жария кеңістікте таратудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *