Қазақ жанкүйерлері «Қайрат» – «Реал» матчына қатысты петиция жариялады

Жаңалықтар
view 66
news

Фотосурет: Offside.kz

Алматының «Қайрат» ФК жанкүйерлері Чемпиондар лигасы аясындағы «Реалға» қарсы ойында билеттерді сату тәртібіне шектеу қою туралы петицияны қолға алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, 30 қыркүйекте қазақстандық клуб тарихында алғаш рет Еуропаның ең атақты клубы – мадридтік «Реалды» өз алаңында қабылдайды.

Билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ. Ал әлеуметтік желілердегі алаңдаушылыққа қарағанда, матчты көргісі келетіндердің саны стадиондағы орындардан әлдеқайда артық болмақ. Белсенді жанкүйерлерге стадионда орын жетпей қалуы да ғажап емес. Сондықтан олар сатылымға мынадай шектеу енгізуді ұсынып отыр:

- бір ЖСН-ге 2 билеттен артық бермеу;

- ЖСН-ді онлайн да, офлайн да тексеруді қамтамасыз ету;

бір ЖСН-мен қайталап билет сатып алуға жол бермеу;

сатылымның ашықтығына және жанкүйерлерді дер кезінде ақпараттандыруға кепілдік беру.

Авторлардың айтуынша, алыпсатарлар билетті сатылым басталғанда жаппай сатып алып, нағыз жанкүйерлер оны ресми бағамен ала алмай қалады.

Сонымен, 29 тамызда басталған петицияны қазір 410 адам қолдап отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстанда ресми онлайн-петициялар платформасы былтыр сәуір айында іске қосылған болатын. Бұл ретте тек epetition.kz сайтында берілген өтініштер ғана мемлекеттік органдарда (қол қоюшылар саны белгіленген межеге жеткен жағдайда) қарастырылады.

Петицияны мобильді телефон, компьютер және ЭЦҚ көмегімен де беруге болады.

Ал Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 30 қыркүйекте «Орталық стадионда» өтетін билеттердің бағасына мемлекет араласпайтынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *