Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы басқарма құрылды

Жаңалықтар
view 130
news

Сурет: gov.kz

Астанада өтіп жатқан жыл сайынғы Республикалық тамыз конференциясының панельдік сессиясында еліміздегі Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы басқарманың Ақтөбе облысында құрылғаны жарияланды. Бұл туралы Janabastau.kz ақпаратагенттігі хабарлайды.

Бұл жаңа құрылымның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіз және қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету. Басқарма білім беру ұйымдарындағы буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлеуметтік осал отбасылардың мәселелері және интернеттегі қауіпсіздік сияқты бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізеді.

Сала мамандарының айтуынша, бұл бастама балалардың құқықтарын қорғау ісін жаңа деңгейге көтеріп, өңірлерде бірыңғай стандарттар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақтөбе облысындағы тәжірибе өз нәтижесін берсе, алдағы уақытта мұндай басқармалар еліміздің басқа өңірлерінде де ашылуы мүмкін.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *