Қазақстанда көшеде хиджабпен жүруге тыйым салынған ба? - полиция жауабы

Жаңалықтар
view 89
news

Фотосурет: pinterest.com

Еліміздегі ішкі істер органдарының өкілдері бетті толықтай жауып тұратын киімге тыйым салу туралы заңның негізгі қағидаларын түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, биыл 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда тұлғаны танитын заңнамалық өзгерістер күшіне енген болатын. Бұл ретте бет-әлпетті толық жауып, оны визуалды түрде тануға, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию заңбұзушылыққа жатады.

Тыйым салынған киімдер:

- балаклава;

- медициналық емес маскалар;

- никаб және бет-әлпетті тұтас жасырын ұстайтын өзге де киім түрлері.

Алайда бұл тыйым мына жағдайларда қолданылмайды:

- ауа райына байланысты;

- медициналық көрсеткіштер бойынша;

- қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде;

- азаматтық қорғау қажеттілігіне орай;

- спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларға қатысу барысында.

Ал бет-әлпетті жасырмайтын діни киімдерхиджаб, шейла, химар, аль-амира және басқа да ұқсас элементтер тыйым салынатын киімдерге жатпайды.

Полицейлер бұл шаралардың азаматтардың құқығы мен бостандығын, соның ішінде діни сенім бостандығын бұзбай, тек қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *