Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді

Экономика
view 350
news

Фото ашық дереккөзден

 28 ақпаннан бастап шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары арасындағы айырмашылық шектері белгіленді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

"АҚШ доллары үшін айырбас бағамының шекті айырмашылығы 7 теңге, ал еуро үшін 10 теңге болып белгіленді", – деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Арман Адибаев.

Оның айтуынша, бұл шара азаматтарды қорғау және айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу мақсатында енгізілген. Егер айырбастау пункттері белгіленген шектерді сақтамаса, Ұлттық банк азаматтарға өз шағымдарын оның аймақтық филиалдарына жіберуге кеңес береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *