НДС (ҚҚС) мөлшерлемесінің көтерілуі: түзетулер Парламентке енгізілді

Экономика
view 3520
news

Фото ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы жоба ұсынылды. Бұл ақпаратты JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі тілшісіне Ұлттық экономика министрлігі растады.

Салық кодексіне енгізілген түзетулер:

  1. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету:

    • Бұрын: 20 000 АЕК (78,6 млн теңге)

    • Жаңа шек: 3 800 АЕК (15 млн теңге)

  2. ҚҚС мөлшерлемесін өзгерту:

    • ҚҚС ставкасы 12%-дан 16%-ға дейін көтерілді.

    • Белгілі бір салалар үшін төмендетілген 10%-дық ставка енгізілді.

  3. Арнайы салықтық режимдерді өзгерту:

    • Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін тек B2C сегментіне қолдану.

Бұл түзетулер Мәжіліс депутаттарының қарауына жіберілді. Түзетулер палатаның пленарлық отырыстарында екі оқылымда талқыланады. Егер Парламент мақұлдаса, олар әрі қарай Сенаттың қарауына жіберіледі. Одан кейін заңды Мемлекет басшысы бекітуі тиіс.

Жаңа салық реформасының ерекшеліктері:

  • Бұрын ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру ұсынылған болатын. Алайда Президенттің пікірінен кейін дифференциалды мөлшерлемені қарастыру шешімі қабылданды:

    • 16%

    • 10%

    • 0% (белгілі бір жағдайларда)

  • ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру нұсқасы әлеуметтік төлемдерден босату арқылы теңестірілмек болған еді. Яғни, әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) алып тастау ұсынылған болатын.

  • Алайда ҚҚС 16% деңгейінде сақталғандықтан, әлеуметтік салық пен ЖМЗЖ-ны жою жоспардан алынып тасталды.

Күшіне ену мерзімі:

Егер ұсынылған өзгерістер қабылданса, олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Пікірлер (5)

  • Debbra

    Hello We are interested in selling your products/services on our B2B marketplace. Please contact us if possible at this whatsapp number: +48 507 951 968

  • Valerie

    Hello we are looking for partners for our clients, they looking for long time cooperation and large orders, please text us on whatsapp: +48 507 951 968

  • Shannan

    Hello we are looking for partners for our clients, they looking for long time cooperation and large orders, please text us on whatsapp: +48 507 645 726

  • Elton

    Hi there, We’re interested in forming a lasting business relationship with your company. Could you send us your product list along with pricing details? You can contact me via WhatsApp: +44 745 952 4614

  • Gracie

    I can blast your ad text to millions of website contact forms. One flat rate, never any per click costs. People will read your message just like you're reading this one that I just sent through your website contact form now. Feel free to reach out if you’d like to dive deeper into how I do this; my contact info is below. Regards, Gracie Stevens Email: Gracie.Stevens@getmoreleads.top Website: http://xw9qzy.ads-that-work.my

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *