«ҚазАвтоЖол» бірнеше облыстың жүргізушілеріне ескерту жасады
Фото: astanatv.kz
Биыл 4 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда абай болу ескертілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтау, жолдардағы көктайғақ пен төмен көріну жағдайларын ескеру ұсынылады, - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Еске салсақ, бұған дейін ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын жазған едік.
Пікірлер (0)