ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Жаңалықтар
view 290
news

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Айта кетейік, 23 маусым күні Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасағанытуралы жазған едік. Кешкі уақытта Дағыстанда екі теракт жасалды. Содырлар бір уақытта Махачкала мен Дербентке шабуыл жасады. Соңғы деректерге сәйкес терракт салдарынан 15 полицей көз жұмып, 34 адам жараланды. Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *