«Ресей Қазақстанның әскери ұшақтарын ұрлады» – БАҚ

Жаңалықтар
view 378
news

Россия украла у Казахстана военные самолёты – СМИ Global Look Prees/Vadim Savitsky

Украиналық Defense Express басылымы Қазақстанның әскери ұшақтарының қалай ұрланғаны жайлы схеманы жариялады. Мақалада сипатталған оқиғалар 1992 жылы болған.

«Бұл оқиғаның ауқымы орасан. Ресейліктер Қазақстаннан Ту-95МС үлгісіндегі 40-қа жуық ұшақты алдап ұрлап кеткен. Бұл сан сол кездегі Ресей Қарулы Күштеріндегі дәл осы типтегі ұшақтардан 1,5 есе көп. Айта кету керек, бұл оқиға көпшілікке беймәлім күйде қалды. Себебі ресейліктер бұл іске қатыстарын шебер жасырып, ізін өшірген», – делінген материалда.

1992 жылдың ақпанында Ресейде Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының сериялық өндірісі тоқтаған. Бұл ұшақтарды Қуйбышев авиациялық зауытында шығаратын, бірақ ол кезде Ресейде жаңа ұшақ жасауға ресурстар қалмаған еді.

Сол тұста Ресей әуе күштерінің паркінде 22–27 дана Ту-95МС ұшағы ғана болған. Бұған қоса, Х-22 зымырандарын тасымалдайтын 45 дана Ту-95К-22 және 7 оқу-жаттығу Ту-95К ұшағы бар еді.

«Қызығы сол – сол кездегі ең ірі Ту-95МС паркі Қазақстанда болған. 40 дана ұшақтың 27-сі – зымырандарды сыртқы ілгішке бекіте алатын МС-16 нұсқасы, ал 13-і – тек бомба бөлігінде ғана тасымалдайтын МС-6 нұсқасы. Біздің елде нақты 21 МС-6 ұшағы тіркелген еді», – дейді басылым.

Ол кезде бұл ұшақтар түгелдей 79-шы ауыр бомбалаушы авиациялық дивизия құрамына кірген. Алайда Қазақстан бұл техникаларға толық бақылау жүргізе алмаған. Бұл жағдай Мәскеудің пайдасына шешілген.

Ұрлау схемасы қалай жүзеге асты?

Бірнеше нұсқа бар. Бір нұсқа бойынша, сол жылдары Ресей мен Қазақстан стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының экипаждары үнемі «Семей-2» мен «Украинка» аэродромдары арасында ұшып жүрген. Ұшу кезінде радиобайланыста шақыру белгілерін алмасу (позывной) жүретін.

Нұсқа бойынша, ұшақтар Ресейге қонған соң, орнына кері бағытта ескі Ту-95К ұшақтары жіберілген. Мәскеу бұл әрекетті қазақстандық ұшқыштардың лоялдығын пайдалана отырып іске асырған. Мұны байқағанда, бәрін кері қайтару тым кеш болған.

Тағы бір нұсқа – ұшақтар Ресейге қонған кезде, оларды жібермей қойған. Алайда ресейлік деректерге сүйенсек, ұрланған ұшақтар саны 16–18 аралығында. Ал қалған 20-дан аса ұшақтың қалай "жоғалғаны" – жұмбақ.

Сондай-ақ Қазақстанға нақты қанша ұшақ қайтарылғаны, олардың қай үлгіге жататыны (оқу-жаттығу Ту-95К ма, әлде заманауи Ту-95К-22 ме) – бұл да белгісіз. Бұл ұшақтардың кейінгі тағдыры да жұмбақ күйінде қалып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *