Абай облысында 170-тен аса жүргізушіге айыппұл заңсыз салынған

Жаңалықтар
view 39
news

Фото: pixabay

Аягөз қаласында 172 жүргізушіге заңсыз салынған айыппұл жойылды, деп хабарлайды Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 Ведомствоның мәліметінше, Аягөз ауданының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысында заң бұзушылықтарды анықтаған.

"Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 км болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағ ретінде қате белгіленгені анықталды. Осының салдарынан 172 азамат әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылған. Қаражаттарды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Абай облысының прокуратурасы азаматтарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін еске салды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *