Ресей Украина қалаларын талқандады

Жаңалықтар
view 474
news

Фото: Getty Images

6 маусымға қараған түні Ресей Украинаға дрондар мен ракеталар арқылы жаппай шабуыл жасады. Azattyq.org сайтына сілтеме жасап janabastau.kz хабарлайды.

Украина билігінің айтуынша, бұл – соғыс басталғалы бергі ең ірі шабуылдардың бірі.

Украина әуе күштерінің мәліметінше, Ресей Киев, Чернигов, Волынь, Тернополь, Днепропетровск, Харьков, Львов, Хмельницкий, Одесса, Николаев және Черкассы облыстарына соққы берген. Шабуыл кезінде 407 дрон мен 44 ракета қолданылған. Украина тарабы олардың шамамен 200-дей дронын және 30-ға жуық ракетасын атып түсіргенін хабарлады.

Ресей ракеталарын негізінен Курск, Белгород және Воронеж облыстарынан ұшырған.

Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, шабуыл салдарынан төрт адам қаза тапқан, оның үшеуі – құтқарушы. Тағы 20 адам жараланған. Шабуылдан кейін бірнеше облыста тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандары бүлінген.

Ал Ресеймен шекаралас Сумы облысында 5 маусым таңертеңнен 6 маусым таңына дейін 14 сағат бойы әуе дабылы тоқтамаған. Облыс билігі 44 елдімекенге 110 шабуыл жасалғанын, шекара маңындағы 308 адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *