Сәбит Рысбаев Бекболат Тілеуханды Аманжол Әлтаевпен салыстырды
Коллаж: janabastau.kz
Қоғам белсендісі Сәбит Рысбаев бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен қазіргі депутат Аманжол Әлтаевты салыстырып, пікір білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Оның айтуынша, Назарбаев билігі кезінде парламентте ұлттық мүдде үшін ашық сөйлейтін санаулы депутаттың бірі – Бекболат Тілеухан болған, деді қоғам белсендісі.

"Ойлап қарасам Бекболат Тілеухан жайлы анау мынау десе де депутат болғанда ұлттық мүдде үшін парламенттен сөйлейтін аз депутаттың бірі болған екен. Өзіндік ойы болатын. Азды көпті проблемаларды көтеретін. Әйтпесе Назарбаевтың заманында көп дүние айтыла бермейтін еді ғой. Әйтеуір Бекболат Тілеухан сөйлеп жататын.
Енді тура сол Қарағандыдан Бекеңнін орнына Аманжол Әлтаев деген депутат барды. Парламентте бір проблеманы көтеріп жатқанын білмейді екенмін. Қайбір жылы бір ақын Қырғызстанның президенті берген сыйлықты алғанда ғана шашын жұлғаны есте қалыпты. Қарап тұрсам ол да бос сөз ғой. Алса не болыпты? Басқа бірдеңе айтқаны есте жоқ екен.
Салыстырмалы түрде Бекболат Тілеухан Аманжол Әлтаевтан кез келген салада мықты болған секілді. Аманжол Әлтаев Ринат Заитов секілді не экономиканы, не заңды, не басқаны қатырмайтын біреу секілді. Сәлафит анау мынау десе Бекең сияқты адамдардың парламентте жүре бергені дұрыс па деймін. Құрығанда өзіндік ой пікірі бар адам еді" -деді ол.
Пікірлер (0)