"Балаларым бар, қайда барам, ақшам жоқ": Тұрсынбектің әйелі көпшілікке жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жан тебірентерлік видео жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйел баласының әлсіздігі секілді мәселелерді көтеретін видеосын жариялады.

"Бұл видеодағы жағдай қаншамаңызға таныс?.. Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады: "Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…"
Әрқайсысының даусы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады. Бірақ… Неге кетпейсіз? Неге үндемей, бәріне көне бересіз?
Себебі, әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар: "Балаларым бар", "Қайда барам, ақшам жоқ", "Мүмкін өзгерер", "Ата-анам не дейді?", "Ұялам", "Өзімді кінәлаймын".
Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Пікірлер (0)