Сәкен Майғазиев халықтан көмек сұрап жатыр

Жаңалықтар
view 268
news

Фото: ашық дереккөзден

Сәкен Майғазиевтың жақында ұлы Әділет үйленіп, той жасағалы жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

"АЛЛА қаласа, біздің үйде ТОЙ болады! Біреудің қуанышына ортақ болып жүрген біз, енді өз баламыздың тойына дайындалып жатырмыз. 

Бұл — қуаныш қана емес, үлкен жауапкершілік.

Ал сіз тойды неден бастар едіңіз?", – деп жазды әнші.

Сөз соңында әнші қолданушыларынан тойды жақсы ұйымдастыратын мамандар табуға көмектесуін сұрады.

"Қаншама салтанатты кештерде, тойларда ән шырқап, қонақ болып жүрміз. Ал бұл жолы өзіміз той жасағалы жатырмыз. Ат үстінде жүрген азамат болғандықтан салт-дәстүр, жоралғыларды, тойбастар деген секілді дүниелерді біле бермейміз. Сондықтан сіздерден көмек сұраймыз, - деді ол.

Ал оқырмандар Сәкеннің бұл қуанышына шын қуанып, екі жасқа бақыт тілеп жазуда.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *