Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды

Жаңалықтар
view 89
news

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Тергеу құпиялығына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Ол 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылы қаңтар айында Сәтбаев қаласының әкімі тағайындалған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *