Шымкентте жалған доллармен сауда жасаған ер адам 5,5 жылға сотталды
Жаңалықтар
196
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлайды janabastau.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл факт бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агнеттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеген.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.
"Бұл азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - дейді қаржылық мониторинг агнеттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
"Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспаңыз. Ақшаңызды қайтаруға ниеті Қылмыстық кодекстің 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін. Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу Қаржылық мониторинг агенттігінің 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет", - дейді агенттік өкілі.
Пікірлер (0)