Сириядан оралған әйелдің дәстүрге қарсы пікірі дау тудырды

Жаңалықтар
view 34
news

Сурет: видеодан скриншот

Сириядан оралған әйелдің қазақ халқының дәстүрлі бесікке салу рәсімін «ширк» деп атауы әлеуметтік желілерде үлкен пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әйел өз жазбасында қазақтың бірнеше салт-дәстүрін діни тұрғыдан дұрыс емес деп санайтынын айтып, «жеті шелпек пісіру міндетті емес, бұл – адамдар ойлап тапқан дүние» деген пікір білдірген.

Алайда оның бұл сөзі көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Желі қолданушыларының басым бөлігі мұндай көзқарасты ұлттық құндылықтарға қарсы шығу деп бағалады. Кейбірі қара киюдің «қазаға байланысты әдет» екенін еске салса, енді біреулер қазақтың байырғы дәстүрін араб мәдениетімен шатастырмау керектігін қадап айтты.

Талқылауға қатысқан қолданушылардың бір бөлігі қоғамда жалған діни ағымдардың белең алуын білім мен ағартушылықтың жеткіліксіздігінен көрді.

Қоғам надан болған сайын адасқан пікірлер көбейеді. Оған қарсы тұрудың ең дұрыс жолы – білім мен дұрыс түсіндіру, – деп жазды желі белсенділерінің бірі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *