Жамбыл облысында өз қызын зорлаған адам қатаң жазаға тартылды
Фотосурет: qamshy.kz коллажы
Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған қызын зорлаған ер адамның ісін қарап, оған қатаң жаза кесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, қылмыс биыл 25 сәуірде Қордай ауылында болған. Ер адам масаң халде өз үйінде 2019 жылы туған қызын дәрменсіз жағдайда пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Істің мән-жайы айғақтармен, сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындады. Ал жәбірленуші тарап оны кешірмей, заң аясында ең қатаң жаза қолдануды сұраған.
Сот шешімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер (0)