Степногорск қаласында 14 шақырым су құбыры қайта жаңғыртылды

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: Ресми дереккөзден

Степногорск қаласында шаһарды сумен қамтамасыз ететін магистральдық су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдан бері мамандар 14 шақырымға жуық желіні жаңартты.
Бұл - ТВНСП сорғы станциясынан Степногорск қаласына дейінгі учаске. Оның жалпы ұзындығы 35 шақырымнан асады. 2024-2025 жылдары 11,5 шақырым, ал биылғы жылдың басынан бері тағы 2,5 шақырым су құбыры қайта жаңғыртылды. Биыл 9 шақырым желіні жаңарту жоспарланып отыр , деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.


Жұмыстарды «Мелиоратор» ЖШС атқарып жатыр. Жұмыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Ең күрделі учаскелердің бірі Ақсу өзені арқылы өтетін бөлік болды. Бастапқыда су құбырларын өзеннің астынан көлденең бағытталған бұрғылау әдісімен жүргізу жоспарланған. Алайда мамандар жобалық тереңдікте тау жыныстарына тап болғандықтан, бұл әдісті қолдану мүмкін болмады.
Нәтижесінде құбырларды өзеннің түбімен жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол үшін жұмыстар жүргізілетін кезеңде уақытша үйінді жасалып, жұмыс аяқталғаннан кейін ол толықтай алынып тасталды. Жұмыстарға шамамен бір ай уақыт жұмсалды. Бұл ретте өзен арнасы толық жабылған жоқ.


Су құбырларын қайта жаңғырту - Степногорск қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының бір бөлігі. Қалада сондай-ақ нөсер кәрізінің нысандары мен «Степногорск Водоканалының» нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қаланың сумен жабдықтау және коммуналдық жүйелерінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *