Степногорск тұрғыны флюорографияға түсемін деп 9 млн теңгесінен айырылды

Жаңалықтар
view 90
news

Фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысының Степногорск қаласында зейнеткер алаяқтардың жаңа айласына алданып қалды. Алаяқтар әйелді флюорографиядан өту қажет деп сендіріп, оның банк шоттарындағы барлық ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Биыл тамыз айында белгісіз ер адам 1950 жылы туған әжейдің ұялы телефонына хабарласып, өзін емхана қызметкерімін деп таныстырған. Ол зейнеткерге флюорографиялық тексерістен өту керектігін айтып, қызметке жазып қою үшін 1414 нөмірінен келген СМС кодты сұраған. Әйел кодты айтқаннан кейін бірнеше күннен соң оған түрлі нөмірлерден қоңыраулар түсе бастаған.

Бұл жолы алаяқтар өздерін Электрондық үкіметтің қауіпсіздік қызметі, Ұлттық банк, қаржы полициясының қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі қорқынышты сценарийлер айтып, зейнеткерді әбден шатастырып, үрейлендірген.

Алаяқтар әйелді қатты сендіріп, қорқытқаны сонша, ол жинаған барлық ақшасы, яғни депозитте жатқан 9 миллион теңгеден аса қаражатын белгісіз адамдардың шотына аударған.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облыстық полиция департаменті азаматтарға ешқашан бейтаныс адамдарға SMS-кодтар мен жеке деректерді айтпауға кеңес береді. Ешбір мемлекеттік орган немесе банк телефон арқылы жеке деректер мен банк шотының кодтарын сұрамайды.

Егер күмәнді қоңырау түссе, бірден 1402 (қаржы мониторингі агенттігі), 102 (полиция) немесе банк қызметіне хабарласу қажет.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *