Теміртауда дүкенде жарылыс болып, өрт шықты

Жаңалықтар
view 44
news

Бүгін Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды, деп хабарлайды janabastau.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше оқиға 15 ақпанда сағат 08:06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде болған. 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған. Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері анықталды. Оларды шығару үшін үйіндіні бөлшектеп жатыр.

«Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 40 құтқарушысы мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Сағат 08:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Ол әйелдің айтуынша үйінді астында тағы бір ер адам бар. Үйінділерді талдау жұмыстары жалғасып жатыр. Сағат  09.08 кезінде өрт оқшауланды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *