Тik-Тok балалар мен жасөспірімдердің сана-сезіміне зиян тигізуі мүмкін - сенатор

Жаңалықтар
view 87
news

Сенат отырысында депутат Әлішер Сатыбалдиев Тik-Тok желісі алаңында мазмұн әртүрлі жағымсыз көріністердің таралып жатқаны туралы мәселе көтерді, деп жазады janabastau.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көтеріліп отырған мәселе өскелең ұрпақтың тағдырына теріс әсер етенінін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдау керек деп есептейміз. Осы орайда TikTok және өзге де әлеуметтік желі әкімшілігі тарапынан ұлттық заңнамамыздың талаптарын орындауы және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысына мониторинг жүргізу керек. Анықталған кемшіліктер бойынша халықаралық тәжірибеге сүйеніп, тиісті шаралар қабылдануы тиіс», деді сенатор.

Депутат 13-тен бастап 24 жасқа дейінгі жастардың 75%-ы осы платформаны пайдаланса, 4-5 жастағы балалар Тik-Тok-та күніне орта есеппен 75 минутын өткізеді. Тik-Тok алаңшасындағы мазмұн да әртүрлі көріністер, оның ішінде толық қалыптасып үлгермеген балалар мен жасөспірімдердің сана-сезіміне зиян тигізуі мүмкін. Сенатор әр ел бұл мәселемен әрқилы күресіп жатқанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *