Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады Президент өз құттықтауында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы жайлы да атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

"Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз. Осыдан екі жыл бұрын елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "Таза Қазақстан" бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес.

"Бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды.Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *