Трамп: АҚШ Украинаға әскер жібермейді
Фотосурет ашық дереккөзден
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қауіпсіздік кепілдігінің бір бөлігі ретінде америкалық әскер жібермейтінін мәлімдеді, деп JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды
Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп: «Америкалық әскерлердің Украина жерінде болуы қарастырылмайды. Біз ешқашан «boots on the ground» дегенге бармаймыз», – деді.
Сонымен қатар ол Вашингтонның қолдау форматы тек әуе арқылы жүзеге асуы мүмкін екенін айтты. «АҚШ-тың ауадан белгілі бір рөл атқаруы ықтимал, бірақ бұл әскер жіберумен тең емес», – деп атап өтті Трамп.
Осылайша Ақ үй басшысы Киевке тікелей әскери контингент бөлуге қарсы шықты. Оның айтуынша, АҚШ-тың басты міндеті – қақтығыстың ушығуын тоқтатып, адам шығынын азайту.
Пікірлер (0)