Оралдағы №52 мектепте «Балақайлар мектебі» жобасы таныстырылды

Жаңалықтар
view 35
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Орал қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» жобасы аясында «Балақайлар мектебі» тақырыбында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында педагогтар мен ата-аналар бастауыш сыныптарды жаңа форматта оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Мектеп директоры Самал Рахметуллина: «Балақайлар мектебі – мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді бейімдеуге арналған маңызды жоба. Қазіргі таңда мектебімізде 1480 оқушы білім алуда, оның ішінде 172 бала 1-сыныпқа өтініш беріп, 156 бала дайындық курсына қатысып жатыр. Бұл курс балалардың танымдық дағдыларын дамытуға, сөйлеу, жазу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Алдағы оқу жылында 1-сыныптарға 8 сынып-комплекті жасақталды. Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын», – деді.

Бастауыш сынып мұғалімдері жобаның балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытудағы маңызын атап өтті. Ал ата-аналар «Балақайлар мектебі» арқылы бүлдіршіндердің мектепке деген қызығушылығы артып, сенімділікпен оқуға қадам басып жатқанын жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *