Алматыда сол жақ жүрекше қалтасының окклюдерін имплантату операциясы сәтті жүргізілді

Жаңалықтар
view 35
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында сол жақ жүрекше қалтасының окклюдерін имплантаттау бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді. Бүгінде КІАҒЗИ Қазақстандағы осындай араласулар орындалатын жалғыз медициналық орталық болып табылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Окклюдерді имплантаттау антикоагулянттық терапия мүмкін емес немесе қан кету қаупі жоғары жағдайларда инсульттің профилактикасы үшін жыпылық аритимиясы (жүрекшелердің фибрилляциясы) бар ппциенттерге көрсетіледі. Аритмияның бұл түрінің қауіптілігі сол жақ жүрекше қалтасында қан ұйығыштарының пайда болуы болып табылады, олар қан ағымымен ми тамырларына еніп, инсульт тудыруы мүмкін. Мұндай асқынулар көбінесе мүгедектікке немесе өлімге әкеледі

Жақында клиникаға 68 жастағы синус түйіні синдромы, жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрі, 10 секундқа дейін үзілістері бар тахи-брадикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және бастан кешірген инсульттің салдары бар пациент келді. Оның анамнезінде сол жақ спастикалық гемипарез, симптоматикалық эпилепсия және цереброваскулярлық ишемиялық бұзылулар байқалды.

«Жүрекшелердің фибрилляциясы кезінде қан ұйығыштарының туындауын болдырмау үшін пациенттерге антикоагулянттық терапия ұсынылады. Бірақ кейбір жағдайларда антикоагулянттар қарсы көрсетілім болуы мүмкін. Біздің пациентімізде препараттарға көнбеушілік, мұрыннан қан кету, гематурия, сондай-ақ бірнеше бастан кешірген инсульты болған», - деді аритмологиялық қызметтің аға ординаторы, интервенциялық аритмолог Асылхан Парымбеков.

Шағымдар мен анамнез деректерін, сондай-ақ жоғары ишемиялық және геморрагиялық қауіптерді ескере отырып, пациентке сол жақ жүрекше қалтасының рентгенендоваскулярлық окклюзиясын жүргізу ұсынылды, деді ол.

Әдістеменің бірқатар артықшылықтары бар: аз инвазивтілік, жылдам оңалту, инсульттің алдын алу және антикоагулянттарды одан әрі қабылдау қажеттілігінің болмауы.

Операция сәтті өтті, ал алтыншы күні науқас клиникадан шығарылды. Жағдайды бақылау үшін үш айдан кейін ол өңештің эхокардиографиясынан өтуі керек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *