Астанадағы LRT аялдамаларына жаңа атаулар бекітілді
Жаңалықтар
57
Сурет: Ашық дереккөзден
Астана қалалық мәслихаты LRT желісінің аялдамаларына ресми атауларды бекітті. Енді жолаушыларға күнделікті таныс нүктелер мен елорданың символдық орындары аялдама атауына айналды. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа атаулар тізімі төмендегідей:
- 101 — «Әуежай»
- 102 — «Атамекен»
- 103 — «Есіл»
- 104 — «Мәңгілік ел»
- 105 — «Астана жұлдызы»
- 106 — «Нұра»
- 107 — «Университет»
- 108 — «Ұлы дала»
- 109 — «Астана Арена»
- 110 — «Жекпе-жек сарайы»
- 111 — «Сығанақ»
- 112 — «Бәйтерек»
- 113 — «Министрліктер үйі»
- 114 — «Ұлттық музей»
- 115 — «Театр»
- 116 — «Мыңжылдық аллеясы»
- 117 — «Жібек жолы»
- 118 — «Нұрлы жол»
Қала тұрғындары бұл өзгерістерді оң қабылдап отыр. Әсіресе «Бәйтерек», «Жібек жолы» мен «Астана жұлдызы» секілді атаулар елорданың болмысын айшықтап, рухын көтеретінін айтады.
Мәслихаттың шешімі Астананың заманауи келбетін нығайтып қана қоймай, қоғамдық көлік бағыттарын қала тұрғындары мен қонақтарына бұрынғыдан да түсінікті етпек.
Пікірлер (0)