Жасанды интелектмен жасалған фильм
Фото ресми дереккөз
Astana AI Film Festival фестиваліне 90-нан астам елден 1900-ден астам ЖИ-фильм келіп түсті,-деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған фильмдердің халықаралық фестиваліне дайындық барысы «Astana AI Film Festival» қорының Қамқоршылық кеңесі отырысында талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Astana AI Film Festival өткізу еліміздің жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысушы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.
AAIFF Қамқоршылық кеңесінің отырысына Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Қуанышбек Есекеев пен Раушан Қажыбаева, Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, UNI-Q Group медиахолдингінің төрағасы Мұхамедқали Тауан, сондай-ақ фестиваль ұйымдастырушылары Алмас Жали мен Айзатулла Хуссейн қатысты.
Жиын барысында фестивальдің байқау бағдарламасы, Astana Digital Bridge аясындағы дайындық жұмыстары, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға әзірлік мәселелері талқыланды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ең көп өтінім АҚШ-тан – 17%, Үндістаннан – 10%және Қазақстаннан – 8% түскен. Одан кейін Оңтүстік Корея мен Қытай – 5%-дан, Ұлыбритания – 4%, Ресей мен Гонконг – 3%-данкеледі.
Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле, China Film Group өкілі Ма Пин және Бейжің киноакадемиясының өкілі Ван Хао кірді. Astana AI Film Festivalфестивалінің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.
Жиында атап өтілгендей, Бейжіңде өткен жасанды интеллект киносы саласындағы Қазақстан-Қытай инновациялық алмасу форумы қорытындысы бойынша Astana AI Film Festival қоры мен Beijing Zhongguancun Tongli Technology Service Co., Ltd. компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қытайлық компания фестивальдің Қытай Халық Республикасындағы ресми өкілі атанды.
Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, өтінімдердің кең географиясы кәсіби қауымдастықтың кинематографиядағы жаңа бағытқа қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Жасанды интеллект фильм жасау тәсілдерін ғана емес, жалпы киноөндіріс моделін де өзгертіп жатыр.
Astana AI Film Festival 2026 жылғы 1-3 қазан аралығында Астана қаласында Astana AI Week аясында өтеді. Фестиваль бағдарламасында жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларынқұрайтын халықаралық ЖИ-фильмдер байқауы, конференция, жобалар питчингі, ашық кинокөрсетілімдер, сондай-ақ жасанды интеллект, кино және цифрлық шығармашылық салаларындағы әлемдік жетекші сарапшылармен кездесулер ұйымдастырылады.
Негізгі кино байқауының тақырыбы – «The future worth living in» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ»). Сонымен қатар бес номинация бойынша ашық секция қарастырылған. Өтінімдер қабылдау 2026 жылғы тамыз айының соңына дейінжалғасады.
Фестивальдің ресми бағдарламасына енген фильмдер алғаш рет Астана қаласындағы Chaplin кинотеатрында үлкен экранда көрсетіледі.
Іскерлік бағдарлама Digital Bridge форумы аясында өтеді. Оның аясында пленарлық және панельдік сессиялар, воркшоптар мен халықаралық спикерлердің қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Пікірлер (0)