Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Жаңалықтар
view 44
news

Фотосурет: Ақорда

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Хатта Трамп ақпан айында Вашингтонда өткен кездесу үшін алғыс білдірді. Бұл кездесу Бейбітшілік кеңесінің отырысы аясында өткен болатын.

Ол өзара диалогқа риза болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Америка Президенті Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитінде қайта көруге ниетті екенін жазған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *