Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 42
news

Фотосурет: istock

Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді автожолында болған жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды.

«Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды, жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, жылдамдықты асырмауды сұрайды. Сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *