Көпшіліктің көзінше дипломын жыртқан студент қамауға алынды

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Алматыда пранк жасап, көпшіліктің көзінше дипломын жыртқан студент қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

"Алматыдағы жекеменшік колледждердің бірінің түлегі диплом табыстау салтанатынан кейін диплом мұқабасына ұқсас затты көпшілік алдында жыртып тастаған. Тексеру кезінде дипломның түпнұсқасы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны берген түпнұсқа мұқабасы бүлінбегені анықталды", - дейді полиция.

Бейнежазбада алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған. Соған қарамастан жарияланған бейнеролик интернет желісінде кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызып, полицияның тексеруіне негіз болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *