Абай облысында 20 жастағы қызды танысы пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
view 31
news

Футосурет: istockphoto

Абай облысы Бородулиха ауылында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Мәйітті сол ауылдың тұрғыны үйінің жанынан тапқан. Оқиға 13 шілдеде сағат 06:00 шамасында болған.

"Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын үйінің жанынан пышақ жарақаты бар қыздың денесін тапты. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер 20 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Абай облысының полиция департаменті.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша күдікті мен марқұм таныс болған. Олардың арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *