Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілердің республикалық спартакиадасы ашылды

Жаңалықтар
view 20
news

Фотосурет: дереккөз

Ақмола облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Бүгінгі таңда жоспарланған 42 жобаның 35-і аяқталды. Оның ішінде 2 спорт кешені, 22 сумен жабдықтау нысаны және 11 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.

Маңызды нысандардың бірі – Көкшетау қаласындағы жаңа көпфункционалды «Kokshe Arena» спорт кешені. Аталған кешенде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында республикалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Заманауи спорт кешені бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдарымен, сондай-ақ 650 орындық көпфункционалды залмен жабдықталған және бір мезгілде 1 000-нан астам адамды қабылдай алады.

Оның ашылуы спортты дамытуға, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға жаңа мүмкіндіктер береді. Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан барлық нысандардың құрылысы прокуратураның тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Ерекше назар құрылыс сапасына, жұмыстардың мерзімінде аяқталуына және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына аударылады. Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *