+48°С ыстық болады: Қазгидромет алдағы үш күнге болжам жасады
Фотосурет: istockphoto
Қазақстанның кей аймағында ауа температурасы +48°с ыстық болады.
Казгидромет 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа-райы тұрақсыз болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 16-17 шілдеде кейбір аймақта қатты бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Батыста жауын-шашын әсерінен жылу біртіндеп төмендеп, күндіз ауа температурасы +22+35°С болады. Солтүстікте де сынап бағанасы +21+36°С дейін төмендейді. Ал республиканың орталығы мен шығысында күн +41°С дейін қатты ысиды.
Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысының жекелеген аумақтарында күн райы ыстық болады. Мұнда жауын-шашын болмайды, тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай болуы мүмкін. Күнделікті ауа температурасы +41+46°С-қа жетеді, бұл климаттық нормадан жоғары, дейді Казгидромет.
Астана: 16 шілде: көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл соғады. Ауа температурасы түнде + 18 + 20°С, күндіз + 31 + 33°С. 17 шілде: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С. 18 шілде: күндіз өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18 + 20°С, күндіз қатты ыстық + 35 + 37°С ыстық болады.
Алматы
16 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +22+24°С, күндіз +36+38°С ыстық. 17 шілде: ауар райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +22+24°С, күндіз өте қатты жылу +38+40°С. 18 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +24+26°С, күндіз +40+42°С өте ыстық болады.
Шымкент
16 шілде: сынап бағанасы түнде ауа температурасы +21+23°С, күндіз +41+43°С ыстық. 17 шілде: күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +23+25°С, күндіз +44+46°С ыстық болады. 18 шілде: жауын жаумайды. Түнде ауа температурасы +25+27°С, ал күндіз +46+48°с ыстық болады.
Пікірлер (0)