Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстықта күн өтудің адам өміріне қауіп төндіретінін ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, күн өту – ағзаның қатты қызып кетуі салдарынан дене температурасын қалыпты деңгейде ұстап тұру қабілеті бұзылатын қауіпті жағдай.

Уақтылы медициналық көмек көрсетілмесе, күн өту мидың, жүректің, бүйректің және басқа да өмірлік маңызды ағзалардың зақымдалуына, ал ауыр жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, күн өтудің негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, қатты әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, сананың шатасуы немесе естен тану жатады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *