Тұтынушы шағымы – басты назарда

Жаңалықтар
view 20
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Тұтынушы пәтерді тазалау қызметіне тапсырыс берген. Жеке жағдайларына байланысты қызмет көрсетілу кезінде қатыса алмады және оның сапасын бірден тексере алмады. Пәтерге келген кезде тазалау өте сапасыз жүргізілгенін анықтады: бөлме реттелмеген күйде қалған, кейбір ластануларды тұтынушы өз бетімен тазалауға мәжбүр болды, алайда осы уақытқа дейін пәтерде әлі де кір бар.

Тұтынушы клининг компаниясына шағыммен жүгінді. Компания жауап ретінде тек бір «лас аумақты» (бөлек учаскені) қайта тазалауды ұсынды, алайда тұтынушының пікірінше, бұл мәселені кешенді түрде шешпейді және жұмсалған қаражат пен жүйке шығындарын өтемейді. Осыған байланысты тұтынушы көрсетілген қызмет құнының 50%-ын қайтаруды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті келесіні түсіндіреді:

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 630-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, тапсырыс беруші орындалған жұмысты шартта белгіленген мерзімде мердігермен бірге қарап, қабылдауға міндетті. Егер кемшіліктер анықталса, тапсырыс беруші бұл туралы мердігерге бірден хабарлауға тиіс.

Тапсырыс беруші жұмысты қабылдау кезінде анықталған кемшіліктер туралы тек олар қабылдау актісінде көрсетілген жағдайда ғана талап қоя алады.

Тұтынушы жұмысты қарап, қабылдамағандықтан және, тиісінше, қабылдау актісінде кемшіліктерді көрсетпегендіктен, ол Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды қоюға құқылы.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 3-тармағына сәйкес, Тұтынушы талап ете алмайды:

  • кемшіліктерді тегін жоюды, жұмысты не қызметті қайта орындауды, не төленген соманың бір бөлігін қайтаруды;
  • егер шартта ондай құқық көзделген болса, тұтынушының кемшіліктерді жоюға кеткен шығындарын өтеуді;
  • егер орындаушы жұмыстағы немесе қызметтегі кемшіліктерді белгіленген мерзімде түзетпесе немесе оларды түзету мүмкін болмаса, шартты бұзуды және келтірілген залалды өтеуді талап ете алмайды.

Осыған байланысты көрсетілген қызмет үшін төленген соманың 50% қайтару туралы талапты орындаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдамауға құқылы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *