«Үйі сол күйі салынбады»: Блогер Жан Ахмадиев марқұм Шерзаттың әкесімен кездесті

Жаңалықтар
view 70
news

Коллаж: sn.kz

Блогер әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовпен кездесті. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода өртеніп кеткен үйдің орны көрсетіліп, бір жыл өтсе де, ешқандай көмек көрсетілмегені айтылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Блогердің айтуынша, бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Қаржаубайға үй салып береміз деп уәде берген. Алайда уәде сөз күйінде қалып, отбасы әлі күнге дейін өз баспанасына қол жеткізе алмай отыр.

"Қасқыр мінезді қазағым, мүмкін ертең – ел болып, бірлікпен сбор ашатын күн болар мүмкін .

Шерзат үшін бұл күн – жай ғана кездесу емес, жүректегі сағынышқа жауап берер шақ.

Аспандағы періштеміз ата-анасының жанында болғанда,

Шерзат әлдеқашан үйлі болуды қалаған ба еді?..

Үй – жай ғана төрт қабырға емес,

Ол – жүрекке тыныштық, жанға тұрақ, сағынышқа шипа", - деп жазды блогер.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *