Үндістандағы ұшақ апатынан Лондонда жаңа өмір бастамақ болған бүтін бір отбасы қаза тапты
Фото: X/@theskindoctor13
Үндістанда орын алған әуе апатынан Лондонда жаңа өмір бастамақ болған бүтін бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат порталы.
Ұлыбританияда дәрігер болып қызмет атқаратын Пратик Жоши, оның әйелі Коми Вьяс және үш баласы Air India компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған ұшағында болған. Олар 12 маусымда әуеге көтерілген соң 30 секунд өткенде апатқа ұшыраған әуе көлігінде отырған.
Белгілі болғандай, Пратик Жоши алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеп жүрген. Ол бұл жолы Үндістанда қалған отбасын – әйелі мен балаларын Ұлыбританияға алып кету үшін елге оралған.
Air India әуе компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы бортында 242 адам болған. Олардың арасында 169 Үндістан азаматы, 53 британдық, 7 португалиялық және 1 канадалық азамат болған. Ресми мәлімет бойынша, тек 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш қана апаттан аман қалған.
Апатқа ұшырар алдында Пратик Жоши отбасы мүшелерімен бірге соңғы рет суретке түсіп, оны туыстарына жібергені де белгілі болды.
Пікірлер (0)