"Вакцина, скрининг дегендер жоспарды орындау үшін ғана" деген дәрігер медицина саласындағы сұмдықтарды айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Офтальмолог дәрігер Айнұр Боранбекқызы денсаулық сақтау саласындағы келесі бір сорақылықтар туралы бүкпесіз айтып берді деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
"Біздегі дәрігерлерді тығырыққ тірейтін нәрселер не? Ең алдымен, бітпейтін жоспарлар, жүктемелер.
Сондай жоспардың бірі екпе егу, вакцинация. Түрлі скринингтер. Егер бұл жоспарлар орындалмаса, дәрігерді жазалайды, айыппұл салады.
Егер адам скринингтен өтуден немесе вакцияна жасатудан бас тартса, дәрігер жазаланады.
Осыдан кейін дәрігер не істейді? Адам вакцина жасатпаймын дейді, ал бастықтар жоспарды толтыр дейді.
Әрине, осыдан кейін дәрігер амалсыз түрлі алаяқтық әрекеттерге, қолдан "жоспарды толтыру" жолдарын жасауға барады.
Тегін берілетін дәрілер де солай. Жылдың соңында сол тегін берілетін дәрілер неге жоқ болады?
Себебі дәрігерлер артылып қалған дәріні "списаниеге" жіберуге қорқады. Өйткені дәрі жылдың соңына дейін қалып кетсе, мерзімі өтіп кетсе, дәрігер сол үшін айыппұл арқалайды.
Сондықтан әлгі тегін берілетін дәрілерден ертерек құтылуға тырысады" деді Айнұр Боранбекқызы.
Пікірлер (0)