Жер ресурстарын тиімді пайдалану – ұлттық даму кепілі
Фотосурет: ашық дереккөзден
Жер – стратегиялық ресурс. Оның игілігі елдің дамуына және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталуы тиіс, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, игерілмей бос жатқан және заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылуда. Бұл жерлердің иесіз қалуына жол берілмеуі керек, олар тек жердің қадірін білетін азаматтарға берілуі қажет.
2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан аса жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Алайда әкімдіктер соның небәрі 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөлген. Әрбір жер учаскесі нақты иесін тауып, өндіріс ошағына, инвестиция көзіне, еңбек ортасына айналуы шарт.
Сондықтан әкімдерге қайтарылған жердің барлығын келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізу міндеті жүктеледі. Бұл шара жайылым тапшылығын шешуге де ықпал етеді.
Жалпы, жер қатынастарына байланысты заңсыздық пен артық құжат айналымын жою қажет. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу тәсілдері түбегейлі қайта қаралады. Жерді бөлу туралы шешімдер тек цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет осы бағытта жыл соңына дейін заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етуі қажет.
Пікірлер (0)