Жемқорлық дерегін хабарлаған адамға қанша сыйақы төленеді?
Жаңалықтар
72
Сыйақы құны пара көлеміне байланысты есептеледі.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеудің жаңа қағидалары бекітілді. Оларға енді біржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялануы мүмкін.
➤ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
➤ онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
➤ ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
➤ ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
➤ аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Пікірлер (0)