«Журналистік этика бар...»: Балаева жалған ақпараттың тарауына қатысты үн қатты

Жаңалықтар
view 91
news

Фотосурет: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірнеше БАҚ пен анонимді Telegram-арналарда мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты жалған ақпарат тарап кеткеніне бейжай қарамады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған, «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауға тиіс, - деді министр.

Сондай-ақ ол әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырды. Жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да еске салып өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *